Амирабдуллахиан Наджиб Микатимен кездесті
(last modified Fri, 13 Oct 2023 10:41:17 GMT )
Қаз 13, 2023 16:41 Asia/Almaty
  •  Амирабдуллахиан Наджиб Микатимен кездесті

Бейрутқа сапармен барған ИИР Сыртқы істер министрі Ливан Премьер-министрімен кездесті.

 

Бұл сапар екіжақты қарым-қатынастарды және Палестина мен Газа секторындағы ағымдағы оқиғалар туралы пікір алмасу үшін жасалды.

Иран Сыртқы істер министрі бүгін таңертең Бейрутке келген кезде журналистер алдында: «Бүгін біз Бейрутта ислам елдері, халқы және исламдық үкіметтердің Газа мен Палестина халқына қарсы соғыс қылмыстарының жалғасуына шыдамайтынын хабарлау үшін келдік. Соңғы екі-үш күнде он мыңдаған палестиналықтарды босқыеға айналдыру, соғыс қылмыстарын жалғастыру және Газа тұрғындарына су, электр, азық-түлік және дәрі-дәрмек беруді тоқтату жалған Израиль режимінің ұйымдасқан соғыс қылмысы болып табылады»,- деді.

ИИР Сыртқы істер министрі бұған дейін Бағдадқа барып, Ирактың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Касым әл-Аарджи және Ирак Премьер-министрі Мұхаммад Шиа әл-Суданимен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастар мен басып алынған Палестина мен Газа секторындағы ағымдағы оқиғаларды талқылады.

 

 

Тегтер