Сирияда қақтығыстар басталғаннан бері 150- ден астам аурухана қираған
https://itolqyn.com/news/west_asia-i73-Сирияда_қақтығыстар_басталғаннан_бері_150_ден_астам_аурухана_қираған
Сириядағы жәрдем көрсететін органдар бірлестігінің төрағасы Убайда әл- Мүфти 2012 жылдың тамыз айы мен 2015 жылдың желтоқсан айы аралығында 330 медициналық орталықтың, соның ішінде 177 аурухананың лаңкестік топтардың қарулы шабуылдары кезінде қирағанын мәлімдеп:
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 28, 2016 19:41 Asia/Almaty
  • Сирияда қақтығыстар басталғаннан бері 150- ден астам аурухана қираған

Сириядағы жәрдем көрсететін органдар бірлестігінің төрағасы Убайда әл- Мүфти 2012 жылдың тамыз айы мен 2015 жылдың желтоқсан айы аралығында 330 медициналық орталықтың, соның ішінде 177 аурухананың лаңкестік топтардың қарулы шабуылдары кезінде қирағанын мәлімдеп:

«Осы аралықта сондай-ақ жәрдем көрсететін 700 адам, соның ішінде дәрігерлер, медбикелер мен медициналық бөлімнің өзге қызметкерлері қаза тапқан» деді.

Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының Сириядағы өкілі Элизабет Хуф кеше осы елдегі мемлекеттік ауруханалардың 60 пайызының қирағанын және денсаулық сақтау орталықтарының 50 пайызының жабылғанын хабарлап: «Сирияда медициналық көмекке мұқтаж кісілерге жәрдем беретін күштердің жетуі ең үлкен қиыншылықтардың бірі саналады» деді.