Хания: АҚШ әл-Момадани ауруханасына жасалған шабуылға жауапты
(last modified Wed, 18 Oct 2023 14:22:49 GMT )
Қаз 18, 2023 20:22 Asia/Almaty

ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хания әл-Момадани ауруханасындағы қырғын сионистік режимнің ойсырай жеңілгенін көрсететінін айтып: "Сионистік дұшпанды шектеусіз қолдайтын америкалықтар әл-Момадани ауруханасында жасалған қылмысқа жауапты",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хания: "Бұл қылмыс дұшпанның айуандығын көрсетеді. Бұл қылмыс сионистердің Палестинаны басып алғаннан бері жасаған қылмыстарын арттыра түсті",-деп еске салды.

Хания сионистердің ешбір заң, ереже мен құндылыққа маңыз бермейтінін айтып: "Әл-Момадани ауруханасында қылмыс жасағандар – Сабра, Шатиланы өлтіріп, Бахр әл-Бақар мектебінде қылмыс жасап, мысырлық әскери тұтқындарды өлтіргендердің тура өзі",-деді.

Хания: "Дұшпан осылай қырып-жою арқылы өзінің жеңілгенін жасырып, Палестина халқын тізе бүктіремін деп ойласа, қатты қателеседі",-деді.   

Хания: "Қарсыласу жалғасып жатыр. Күрес тек басқыншылар киелі жерімізден шығарылғаннан кейін ғана тоқтайды",-деді.

Тегтер