Газаның жерасты ғажайыптары!
Сионистік режим сарбаздарының «Газа – жаман жер, бірақ Газаның жер асты одан да жаман!» деген атақты сөзі бар. Өйткені бұл өлкенің жұмбақ қойнауында не болып жатқанын ешкім білмейді.
- Сионистік режим сарбаздарының «Газа – жаман жер, бірақ Газаның жер асты одан да жаман!» деген атақты сөзі бар. Өйткені бұл өлкенің жұмбақ қойнауында не болып жатқанын ешкім білмейді.
- Газа география картасында Жерорта теңізінің шетіндегі тар жолақ болып табылады, ұзындығы 41 км және ені 6-дан 12 км-ге дейін, бірақ шын мәнінде бұл әлемдегі ең маңызды екі қабатты жер. Өйткені дәліздер мен жер асты өткелдері, тамырлар сияқты, бұл жолақты география картасында тірі қалдырды.
- Бұл жер асты өткелдері сионистік режимнің стратегтерін ХАМАС-тың Газадағы ең үлкен қаруы – Газаның өзі. Бiрақ жер бетiндегi қала емес, бастан-аяқ нақты және дәйек ақпарат алатын жерасты қала деген ойға жеткізді.
- Әскери және саяси сарапшылар абыржыған және қобалжыған Тель-Авивке Газадан шығудың оған кіру сияқты оңай болмайтынын атап өтті.
- Осыған байланысты «Bloomberg» өзінің соңғы баяндамасында: "ХАМАС-та Израиль армиясының технологиялық жетілдірілуі болмаса да, жасырын және жерасты дәліздерінің кең желісінің арқасында туннельдер лабиринтін нысанаға алу оңай болмайды, өйткені бұл туннельдің толық көлемін ХАМАС-тан басқа ешкім білмейді",- деп жазды.
- ВВС де хабарында Газа астында салынған өткелдердің классикалық және әскери мысалдардан айырмашылығы, бір реттік емес екенін және уақыт өте келе электрлендірілген, модернизацияланған және кондиционермен жабдықталғанын айтты.
- Тель-Авивтің одақтастарымен байланысы бар ақпарат құралдары: "Бұл туннельдік желі сионистік армияның технология мен ақпарат саласындағы болжамды артықшылығын бейтараптандырды және көше соғысының шиелінісін арттыру арқылы дұшпандық сарбаздар үшін өлім қаупі бар деп саналады",- деп ескертті.
- Енді жалпы сарапшылардың пікірінше, сионистердің Газаға құрлық шабуылы жоспары ашулы және кекшіл реакция болар. Бірақ бұл ХАМАС-тың ақылды қолбасшысы Мұхаммад әл-Зейфтің жобасының бір бөлігі болуы да мүмкін. Ол қарсыласына «Әл-Ақса дауылымен» "шах" қойып, енді келесі қадамнан кейін оны дереу "мат" жасауды күтуде!