Қаз 21, 2023 16:56 Asia/Almaty
  •  Сионистік режимнің  Әулие Порфирий шіркеуіне жасаған  шабуылында 18 христиан қаза тапты

Газа секторындағы үкіметтің ақпарат кеңсесі сионистердің Газа секторындағы грек православ шіркеуіне жасаған шабуылынан кейін 18 христианның қаза тапқанын хабарлады.

Бейсенбі күні кешке сионистік режим бейбіт тұрғындар өз өмірлерін сақтау үшін паналаған әлемдегі үшінші көне шіркеу болып табылатын Газа секторындағы Әулие Порфирий шіркеуіне шабуыл жасады.

Құдстағы грек православ патриархы сионистік режимнің аталған шіркеуге шабуылын соғыс қылмысы деп атады және Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) мәлімдемесінде халықаралық қауымдастық пен Дүниежүзілік шіркеулер кеңесінен сионистік режимге қысым көрсетуді сұрап, ғибадат орындары мен бейбіт тұрғындарға шабуылдарын тоқтатуды талап етті.

 

Тегтер