Қаз 27, 2023 21:42 Asia/Almaty
  • Палестинаның қарсыласу күштері Дженин лагерін айнала келген сионистік режим күштерімен бірнеше сағат қақтығысты

Сарая әл-Құдске қарасты Дженин батальоны мәлімдемедесінде: "Палестинаның қарсыласу күштері Дженин лагерін айнала келген сионистік режим күштерімен бірнеше сағат қақтығысты. Осы қақтығыстардың нәтижесінде сионистік күштердің бірқатары қаза тапты немесе жараланды",- деп жарияланды.

 

Палестина Қызыл Жарты ай ұйымы: «Дженин лагерінде болған қақтығыстарда кемінде 12 палестиналық жараланып, үшеуі шәһид болды",- деп хабарлады.

Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, басқыншы күштер бульдозермен Дженин қаласының аудандарын қиратып, Палестина Қызыл Жарты айының көмек көлігін нысанаға алған. Сионистік күштердің Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Наблус қаласына жасаған шабуылында алты палестиналық жарақат алды. Басқыншылар Хебронға да шабуыл жасап, бірқатар палестиналықтарды ұрлап әкетті.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі 7 қазанынан бүгінге дейін Иордан өзенінің батыс жағалауындағы палестиналық шәһидтер санының 110 адам және 1900-ден астам жаралы болғанын хабарлады.

 

Тегтер