«Әл-Ақса дауылының» 22-ші күні: сионистердің Газаға енуінің сәтсіздігі
(last modified Sat, 28 Oct 2023 11:24:59 GMT )
Қаз 28, 2023 17:24 Asia/Almaty
  • «Әл-Ақса дауылының» 22-ші күні: сионистердің Газаға енуінің сәтсіздігі

«Әл-Ақса дауылы» операциясының 22-ші күні: сионистік режимнің Газаға ауыр және бұрын-соңды болмаған әуе шабуылдары жалғасуда, басқа жағынан сионистік режимнің Газаға ену әрекеттері Палестина қарсыласу күштерінің табанды қарсылығымен бетпе-бет келіп, сәтсіздікке әкелді.

 

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, израильдік әскерилер сенбі күні түнде ауыр және бұрын-соңды болмаған әуе шабуылдары астында Газа секторының шығыс шекараларына кіруге әрекеттенді, содан кейін қарсыласу күштерімен өте қарқынды қақтығыстар басталды. ХАМАС-тың әскери бөлімшесі әл-Қассам бригадалары Израильдің Бейт-Ханун мен Шығыс әл-Бриджге құрлық шабуылына қарсы тұрғандарын және далада кескілескен қақтығыстар болып жатқанын хабарлады.

Израиль армиясы бұған дейін Газада құрлық операцияларын дамытуды іздейтінін мәлімдеген болатын. Өткен түнгі шабуыл шын мәнінде сионистердің Газаға құрлық арқылы кіруге деген нақты әрекеті болды, бірақ олар осы уақытқа дейін үлкен сәтсіздікке тап болды.

ХАМАС-тың саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хание жұма күні кешке әл-Қассам бригадаларының жеңісті қақтығыстары мен сионистік режимнің Газа секторының солтүстігіндегі құрлық шабуылының жеңіліске ұшырауына реакция білдіріп, бұл жеңілісті илаһи мұғжиза деп атады.

 

Тегтер