"Әл-Ақса дауылы" операциясында қаза тапқан израильдіктердің саны 1500 адамнан асты
(last modified Mon, 30 Oct 2023 14:55:30 GMT )
Қаз 30, 2023 20:55 Asia/Almaty

Сионистік режимнің телеарнасы: "Әл-Ақса дауылы" операциясы басталғалы бері қаза тапқан израильдіктердің саны 1538 адамға жетті",-деп хабарлады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режим армиясының екі күн бұрын Газа секторына кіру үшін бастаған шектеулі құрлық операциясында осы уақытқа дейін 41 израильдік сарбаз қаза тапты.

Сионистік режим армиясы осы операция туралы тиісті ақпарат жарияламай отыр.