ХАМАС: АҚШ-тың әл-Шафа ауруханасы туралы уәждері толығымен жалған
(last modified Fri, 17 Nov 2023 12:37:44 GMT )
Қар 17, 2023 18:37 Asia/Almaty
  • ХАМАС: АҚШ-тың әл-Шафа ауруханасы туралы уәждері толығымен жалған

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) бейсенбі күні кешке АҚШ Қорғаныс министрлігінің уәждері туралы: "Пентагонның "ХАМАС әл-Шафа ауруханасын әскери мақсаттарда қолданып отыр" деген уәжі – тағы қайталанып отырған өтірік",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ХАМАС: "Біз халықаралық комитетті Газадағы ауруханалар мен мектептерді тексеруге келуге шақырдық. Бірақ бұл өтінішке көңіл аудармау Вашингтонның соғыс қылмыстарына ортақтасып отырғанын көрсетеді",-деді.

ХАМАС: "Байденнің есіне саламыз: басқыншы режим ауруханалардың көбін бомбалап, электр қуатын өшіріп, отын бермеу арқылы 26 аурухананы істен шығарды",-деді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебреисус Газадағы ауыр жағдайға тоқталып: "Бұл сектордағы жағдай сипаттауға келмейді",-деді.

Тедрос Аданом Гебреисус: "Ауруханалардың дәліздері жаралыларға толы. Науқастар өлім аузында жатыр. Мәйітханалар толы. Оталар анестезиясыз жасалып жатыр. Ондаған мың босқын ауруханаларды паналады. Мектептерде жиналған жанұяларда су мен тамақ жоқ",-деді.

Тегтер