Йемен армиясының бас штабы: Израильдің кемелеріне шабуыл жасаудан тартынбаймыз
https://itolqyn.com/news/west_asia-i73884-Йемен_армиясының_бас_штабы_Израильдің_кемелеріне_шабуыл_жасаудан_тартынбаймыз
Йемен Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары Йемен армиясының Палестина халқына көмектесуден аянып қалмайтынын айтып: "Израильдің кемелері – Йемен Қарулы күштерінің заңды нысаналары. Йемендіктер шабуыл жасаудан тартынбайды",-деп ескертті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 20, 2023 21:48 Asia/Almaty
  • Йемен армиясының бас штабы: Израильдің кемелеріне шабуыл жасаудан тартынбаймыз

Йемен Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары Йемен армиясының Палестина халқына көмектесуден аянып қалмайтынын айтып: "Израильдің кемелері – Йемен Қарулы күштерінің заңды нысаналары. Йемендіктер шабуыл жасаудан тартынбайды",-деп ескертті.

Генерал-майор Әли әл-Мушаки Al-Masirah арнасына берген сұхбатында: "Дұшпан мен оның артында тұрған адамдарға қарсы әрекет жасау үшін осындай күнді күткен едік. Біз Палестина халқына көмектесуден аянып қалмаймыз",-деді.

Генерал-майор Әли әл-Мушаки: "Басып алынған жерлерде және одан тысқары жерлерде қолымыз жеткен нысаналардың бәріне шабуыл жасаймыз. Йеменнің ұстанымы айқын. Біз Израильдің басқыншылығы тоқтағанға дейін өз әрекетімізді жалғастыра береміз",-деді.

Йемен армиясы осы уақытқа дейін Газа халқын қолдау үшін бірнеше рет Палестинаның оңтүстігіндегі Илат айлағын зымыран және дрондармен атқылап, бір израильдік кемені бақылауға алды.