Йемен қарулы күштері басып алған израильдік кеменің бейнесін жариялады
(last modified Tue, 21 Nov 2023 15:36:00 GMT )
Қар 21, 2023 21:36 Asia/Almaty

Йемен қарулы  күштері дүйсенбі күні бұл ел күштерінің бірегей операциясы  мен Қызыл теңізде израильдік кемені басып алудың бейнесін жариялады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Йеменнің Ансаролла қозғалысының Ахлақ департаменті директорының орынбасары, бригада генералы Абдулла Бин Амер дүйсенбі күні Израиль кемесінің басып алынуын Газадағы оқиғалармен байланысты деп атап: «Газаны қолдау үшін Қызыл теңіздегі Израиль режиміне қысымды белсендірдік. Бұл кеменің басып алынуы Израиль режимін қолдайтын барлық тараптарға Йеменнің аумақтық суларына кірмеу керектігі туралы ескерту болып табылады. Біз Қызыл теңіздегі жаһандық сауданы нысанаға алмаймыз, тек Израиль режимімен байланысты кемелерді нысанаға аламыз",- деді.