Газадағы өзгерістер Бейрутте қарсыласу күштерінің Иран Сыртқы істер министрімен кездесуінің өзегі болды
(last modified Thu, 23 Nov 2023 14:31:27 GMT )
Қар 23, 2023 20:31 Asia/Almaty
  • Газадағы өзгерістер Бейрутте қарсыласу күштерінің Иран Сыртқы істер министрімен кездесуінің өзегі болды

Иран Сыртқы істер министрі Бейрутке сапарында Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы Зиад Нахала мен ХАМАС қозғалысы басшысының орынбасары Халил әл-Хиямен кездесіп, Газадағы соңғы өзгерістер және аймақта атысты тоқтату үдерісі жайлы пікір алмасты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан мен қарсыласу күштерінің басшылары сондай-ақ сионистік режимнің Газаға қарсы соғысының соңғы жағдайы, ықтималды бітімді тұрақтандыру және Палестина халқына көмек жіберу жолдары жайлы сұхбаттасты.     

Амир Абдуллахиан сәрсенбі күні Х әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Палестина қарсыласу қозғалыстарының аға мүшелерімен кездесуі туралы: "Бүгін Бейрутте Палестинаның исламдық джиһад қозғалысы мен ХАМАС-тың басшыларымен кездесуінде Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы соңғы өзгерістер, бітімнің егжей-тегжейі және болашақ сценарийлер жайлы көбірек ақпарат алдым",-деп жазды.   

Амир Абдуллахиан: "Қарсыласу қозғалысын жою мүмкін емес. Бейбіт тұрғындарды қырып-жою, оларды қоршауға алу, палестиналықтарды мәжбүрлі түрде көшіру тоқтатылуы тиіс",-деді.

Амир Абдуллахиан сондай-ақ АҚШ басшыларына: "Ақ үй Палестина мен Ливан және аймақ халықтарының 75 жылдық күрес жолын мұқият шолып шығып, рационалды әрекет етуі тиіс. Қазіргі заманда басқыншылыққа жол жоқ",-деп жазды.

Тегтер