Maм 14, 2016 16:20 Asia/Almaty
  • ДАИШ Реал Мадридтің Ирақтағы жанкүйерлеріне шабуыл жасады

ДАИШ лаңкестік тобының Ирактың Балад қаласындағы испаниялық Реал Мадрид футбол клубының жанкүйерлері жиналатын кофеханаға жасаған шабуылы салдарынан кем дегенде 16 адам қаза тапты.

Al-Alam ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ирактың ақпарат көздері аталмыш шабуылдың жұма күні таңертең жасалғанын баса айтып, оқиға салдарынан 30-дан аса адамның жарақат алғанын хабарлады.

ДАИШ лаңкестік тобы шабуыл жасаған кофехана Ирактың Балад әл-Амара, Самарре және Кербеле қалаларындағы Реал Мадридтің жанкүйерлері жиналатын мекен болған. Реал Мадрид жанкүйерлері қауымдастығының мүшелері Иракта осы команданың ойынын көру, мерекелік іс-шара өткізу мен қауымдастықтың басқа да шараларын өткізу мақсатында сол кофеханада жиналады.

Тегтер