Палестина қарсыласу күштерінің операциясында кемінде 60 сионист сарбаз өлтірілді
(last modified Sun, 03 Dec 2023 11:02:29 GMT )
Жел 03, 2023 17:02 Asia/Almaty
  • Палестина қарсыласу күштерінің операциясында кемінде 60 сионист сарбаз өлтірілді

ХАМАС-тың әскери тармағы "Катаиб әл-Қассам" батальоны кемінде 60 сионист сарбаздың өлтірілгенін хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ХАМАС-тың әскери тармағы "Катаиб әл-Қассам" батальоны өз мәлімдемесінде: "Қарсыласу күштерінің жауынгерлері бүгін, жексенбі таңертең Джахр әл-Дик ауданының шығысында бір шатырда израильдік әскерилердің орналасқанын анықтағаннан кейін соның айналасына бомба қойды",-деп хабарлады.

Осы мәлімдемеге сәйкес, осы бомбалардың жарылуы салдарынан кемінде 60 сионист өлтірілді.

"Катаиб әл-Қассам" батальонының мәлімдемесінің жалғасында: "Батальон жауынгерлерінің бірі осы операция барысында аман қалған израильдік әскерилерді өлтіру үшін бомба жарылған жерге барып, миссиясы аяқталғаннан кейін өз позициясына қайтып оралды",-делінген.   

Тегтер