Йемен армиясы: Израильдің 2 кемесін нысанаға алдық
Йемен Қарулы күштерінің баспасөз өкілі бригада генералы Яхия Сари жексенбі күні кешке осы елдің теңіз күштерінің Баб әл-Мандебте Израильдің 2 кемесін нысанаға алғанын хабарлады.
Al-Masirah ақпарат арнасының Яхия Сариге сілтеме жасап хабарлауынша, бірінші кемеге бір теңіз зымыраны, екінші кемеге бір ұшқышсыз ұшақ атылды.
Ол осы шабуылдың себебі туралы: "Бұл екі кеме Йемен армиясы теңіз күштерінің ескерту белгілеріне назар аудармағандықтан оларға шабуыл жасалды",-деді.
Ол сондай-ақ шабуылдардың Палестина халқын қолдау мақсатында жүзеге асырылғанын айтып: "Израиль режимі Газада біздің бауырларымызға шабуылын тоқтатпайынша, сионистік кемелердің Қызыл теңізден өтуіне кедергі келтіруді жалғастыра береміз",-деді.