Жел 08, 2023 16:53 Asia/Almaty
  •  Сионистік режим Газа ауруханаларына тоқтаусыз шабуылдарын жалғастыруда

БҰҰ сарапшысы сионистік режимнің Газадағы денсаулық сақтау жүйесіне қарсы «тынымсыз соғысын» тоқтатуға шақырды.

 

 

БҰҰ-ның денсаулық құқығы жөніндегі арнайы сарапшысы Газадағы денсаулық сақтау жүйесіне қарсы сионистік режимнің «тынымсыз соғысын» тоқтатуға шақырып, соғыстың осы кезеңін адамдарды денсаулық құқығынан айырған ең қараңғы сәт  деп атады.

«Анадолудың» хабарлауынша, БҰҰ-ның денсаулық мәселелері бойынша арнайы баяндамашысы Теланг Мофокенг сионистік режимнің соңғы апталарда Газадағы ауруханаларға жасаған әуе шабуылдарына тоқталып: «Осы аптада ғана Израиль күштері Газаның солтүстігіндегі Камал Адван ауруханасының маңында бірнеше рет шабуыл жасады. Көмек көрсету және емдеу шаралары сионистік күштердің нысанасына алынуда»,- деді.  

 

Тегтер