20 палестиналық шәһид әл-Ақса ауруханасына тасымалданды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i74390
"Әл-Ақса шәһидтері" ауруханасы дүйсенбі күні 20 палестиналықтың мәйіттері осы ауруханаға тасымалданғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 11, 2023 22:32 Asia/Almaty
  • 20 палестиналық шәһид әл-Ақса ауруханасына тасымалданды

"Әл-Ақса шәһидтері" ауруханасы дүйсенбі күні 20 палестиналықтың мәйіттері осы ауруханаға тасымалданғанын хабарлады.

Al-Jazeera арнасының хабарлауынша, бұл палестиналықтар әл-Мағази лагерін бірнеше мәрте бомбалаудан қаза тапты. Сионистік режим армиясының кеше түннен бастаған шабуылдарында осы сәтке дейін кемінде 33 палестиналық шәһид болды.

Сионистік режимнің армиясы: "7 қазаннан бүгінге дейін Газа секторына жасаған шабуылдарымызда осы сектордың 22 мың жерін бомбалап, оқ жаудырдық",-деп мәлімдеді.

Сионистік режим армиясының айтуынша, 8 күндік атысты тоқтату бітімі аяқталып, сионистік режимнің Газаға шабуылы қайта басталғалы бері 3500 объект нысанаға алынды.  

Газаның Денсаулық сақтау министрлігі жексенбі күні өз мәлімдемесінде: "Газада құрбан болғандардың саны 17997 адамға жетіп, 49229 адам жараланды",-деп хабарлады.