Жел 17, 2023 22:14 Asia/Almaty
  • Хизболла  сионистік армияның базасына шабуыл жасады

Ливан Хизболласы басып алынған Палестинаның солтүстігіндегі сионистік армияның базасын нысанаға алғанын және осы шабуылдың нәтижесінде бірнеше сионистік сарбазды өлтіріп, жаралағанын жариялады.


 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ливан Хизболласы жексенбі күні мәлімдеме жасап, сионистік сарбаздар болған «Барака Риша» базасының ішіндегі дұшпанның казармаларын тиісті қарулармен нысанаға алғанын жариялады. Хизболла бұл шабуылда қалаған нысандардың тікелей және дәл нысанаға алынғанын және бірнеше сионистердің қаза тауып, жараланғанын баса айтты.

Хизболла басқа бір мәлімдемесінде басып алынған Палестинаның солтүстігіндегі Ханита әскери позициясының айналасындағы сионистік әскери топты тиісті қарулармен нысанаға алғанын хабарлады.

Сондай-ақ БАҚ көздері броньға қарсы басқарылатын зымыранның Ливаннан атылып, сионистік Саса елді мекеніне тигенін хабарлады.

 

Тегтер