Қассам батальондары Тель-Авивке туннельдер туралы жаңа бейнежолдау жіберді
Жел 18, 2023 20:05 Asia/Almaty
ХАМАС-тың әскери тармағы Қассам батальондары дүйсенбі күні жаңа бейнежолдау жариялап, сионистердің Газада ХАМАС-қа тиесілі туннельдердің бірін анықтағанына жауап берді.
Бұл туннель басып алынған Палестина шекарасына жақын жерден Эрез әскери базасына дейінгі аралыққа созылып жатыр. Қассам батальондары 7 қазанда осы туннельді пайдаланып, Тель-Авивке тұтқиылдан шабуыл жасады.
ХАМАС "әл-Ақса дауылы" операциясынан 72 күн өткеннен кейін бұл туннельдің маңызы төмендегенін, қарсыласу күштерінің онымен ісі біткенін айтты.
Тегтер