БҰҰ: Газада қазір 570 мың адамға аштан өлу қаупі төніп тұр
https://itolqyn.com/news/west_asia-i74632
БҰҰ өз мәлімдемесінде: "Газада қазір соғыс салдарынан 570 мың адамға аштан өлу қаупі төніп тұр",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 23, 2023 00:27 Asia/Almaty
  • БҰҰ: Газада қазір 570 мың адамға аштан өлу қаупі төніп тұр

БҰҰ өз мәлімдемесінде: "Газада қазір соғыс салдарынан 570 мың адамға аштан өлу қаупі төніп тұр",-деді.

Бейсенбі  күні БҰҰ мен басқа да ұйымдар таратқан мәліметке сәйкес, Газаның жарты миллионнан аса адамы, яғни аймақ тұрғындарының төрттен бірі азық-түлік тапшылығынан аштыққа ұшырады.   

Бұл мәлімдемеде Израильдің Газаға 10 аптадан аса уақыт бойы жасаған шабуылдарының салдары талқыланып, аймақтағы аштық деңгейі жарияланды. Бұл кейінгі жылдарда Ауғанстан мен Йеменде болған жұтпен салыстырғанда әлдеқайда ауыр.