Газа секторының орталығына Израильдің шабуылынан тағы бір тілші шәһид болды
"Әл-Джазира" ақпарат арнасының тілшісі сионистік режимнің Газа орталығындағы Нусират лагеріне жасаған шабуылы салдарынан бірнеше адамның шәһид болғанын немесе жараланғанын хабарлады.
Сондай-ақ бұл арна Израильдің осы лагерьге жасаған шабуылында шейіт болғандардың арасында Джабр Абу Хадрос есімді журналист пен бірнеше отбасы мүшелерінің бар екенін хабарлады.
ХАМАС үкіметінің Газадағы ақпарат кеңсесінің директоры Исмаил Савабата жұма күні Израильдің 7 қазаннан бері жасаған шабуылдары салдарынан 29 мың палестиналық шәһид болғанын және із-түссіз жоғалғанын айтты. Ол "Әл-Джазираға" 7 мыңнан астам адамның әлі де қирандылар астында екенін және қираулар мен шабуылдардың жалғасуы сондай-ақ, күштер мен құралдардың болмауына байланысты қирандыларды жою жұмыстары баяу жүріп жатқанын мәлімдеді. Исмаил Савабата: "Газада 800 мың адам ауруханаға бара алмай жатыр",- деді.
Соңғы мәліметтер бойынша, Израиль армиясының әуеден бомбалауы мен артиллериялық шабуылдары кезінде Газаның солтүстігінің 70%-дан астамы қираған.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігі соңғы статистикасында 7 қазаннан бері осы шабуылдар салдарынан 21 507 адамның шәһид болғанын және 55 915 адамның жараланғанын жариялады.