Сионистік Haaretz газеті:  Израиль «қауіпті стратегиялық тұзаққа» түсті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i74812
Haaretz газеті сионистік режимнің Палестина мен Ливанның қарсыласуымен ұзақ соғыспен бетпе-бет келгенін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 30, 2023 19:24 Asia/Almaty
  • Сионистік Haaretz газеті:  Израиль «қауіпті стратегиялық тұзаққа» түсті

Haaretz газеті сионистік режимнің Палестина мен Ливанның қарсыласуымен ұзақ соғыспен бетпе-бет келгенін хабарлады.

 

Haaretz газеті: "Бұл режимге келтірілген шығын Газа соғысында қолға түскен олжадан әлдеқайда көп",- деп жазды. Ливан Хизболласының басып алынған жерлерге жасаған шабуылдарына тоқталып, Haaretz былай деп жазды: "Ливанмен шектесетін елді мекендер жойылуы жағынан Газаның солтүстігіндегі Джебали лагеріне ұқсас. Хизболла тағы да елді мекендерді жоюды жалғастыруда".

Екі күн бұрын «Нью-Йорк Таймс» газеті ХАМАС пен басқа да палестиналық қарсыласу топтарының құрылуының тамыры Израильдің оккупациясында жатқанын және Палестина жері басқыншылықта болғанша, ХАМАС- ы жою қиял екеніне тоқталды. Соғыс кабинеті мүшелерінің бірі Бенни Ганц: «Израиль құрылғаннан бері бұрын-соңды болмаған сынақпен бетпе-бет келіп отыр», - деді.