Шәһид Салех әл-Аруридің өлтірілуіне  Хизболланың алғашқы жауабы
(last modified Sat, 06 Jan 2024 13:57:55 GMT )
Қаң 06, 2024 19:57 Asia/Almaty

Ливан исламдық қарсыласуы сионистік режимнің екі негізгі базасының бірі болып табылатын Жоғарғы әл-Джалилдегі маңызды "Мирон" әуе бақылау базасын 62 түрлі тікелей зымыранмен нысанаға алды

 

Ливандық «Әл-Минар» ақпарат құралдарының хабары бойынша, Ливандық исламдық қарсыласу ұйымы "Мирон" базасын нысанаға алу Хамастың жоғары жетекшісі Салех әл-Арури мен оның бауырларының өлтірілуіне жасалған алғашқы жауаптың бір бөлігі екеніне назар аударды.

Осы хабар бойынша "Мирон" базасы басып алынған Палестинаның ең биік шыңы болып табылатын Жармақ тауының басында орналасқан. Бұл база басып алынған аумақтардың солтүстігіндегі жалғыз әуе басқару орталығы болып саналады және оған негізгі балама жоқ.

"Мирон" базасы сионистік режимнің екі негізгі базасының бірі болып табылады, бұл база солтүстікте және "Мицпе Рамон" базасы осы режимнің оңтүстіктегі екінші негізгі базасы болып табылады.