Израиль армиясы Газа халқының мүлкін тонап жатыр
https://itolqyn.com/news/west_asia-i74988
Палестина басшылары сионистік режим армиясының жаңа қылмысы, яғни Газа халқының миллиондаған доллар тұратын қымбат мүлкін ұрлағанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 07, 2024 18:11 Asia/Almaty
  • Израиль армиясы Газа халқының мүлкін тонап жатыр

Палестина басшылары сионистік режим армиясының жаңа қылмысы, яғни Газа халқының миллиондаған доллар тұратын қымбат мүлкін ұрлағанын хабарлады.

ХАМАС-тың айтуынша,  Газа халқынан соңғы 92 күннің ішінде 92 млн шекел (25 млн доллар) тұратын алтын, көне ескеркіштер мен ақшаның Израиль армиясы тарапынан ұрланғаны туралы ондаған арыз-шағым түскен.

Израильдің "Едиот Ахронот" газеті өз мақаласында бұл талан-тараждардың ресми түрде тіркелгенін айтып, мұны "Газа халқының мүлкін жүйелі түрде тонау" деп атады.

Палестина басшылары бұған дейін Израиль армиясының жаңа қылмысы ретінде Газа қаласының солтүстігінде орналасқан әл-Таффах зиратында 1100 қабірге эксгумация жасағанын әшкереледі. Бұл Газа шәһидтерінің дене мүшелері ұрланды деген күдікті күшейтіп отыр.