«Әл-Маядин»: 4 қаңтарда Израильдің екі кемесі нысанаға алынды
(last modified Tue, 09 Jan 2024 11:15:19 GMT )
Қаң 09, 2024 17:15 Asia/Almaty
  • «Әл-Маядин»: 4 қаңтарда Израильдің екі кемесі нысанаға алынды

«Әл-Маядин» желісі сейсенбі күні таңертең ақпарат көздеріне сілтеме жасап, 2024 жылдың 4 қаңтарында сионистік режимнің екі кемесіне жасалған шабуыл туралы хабарлады.

 

Осы хабарға сәйкес, сионистік режим үшін үлкен көлемде мұнай тасымалдаған аталған кемелерге Үнді мұхитында шабуыл жасалды.

«Әл-Маядин» дереккөздерге сілтеме жасай отырып, ACA компаниясына тиесілі «Chem Silicon» атты бірінші кеменің Мальдивтердің солтүстік-батыс суларында нысанаға алынғанын және Шығыс компаниясына тиесілі «Pacific Gold» атты екінші кеменің Үндістанның Кочи порты маңында нысанаға алынғанын хабарлады.

Бұған дейін Халықаралық теңіз ұйымы әлемдегі 18 ірі кеме қатынасы компаниясы Қызыл теңіздегі кемелерге жасалған шабуылдар салдарынан кемелерінің қозғалысы үшін Африканы айналып өтетін бағытты таңдағанын айтқанын мәлімдеді.