Қаң 12, 2024 16:55 Asia/Almaty
  • АҚШ пен Ұлыбритания Йеменге шабуыл жасады

Йеменге әскери шабуыл жасағаннан кейін Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастары ортақ мәлімдеме жариялау арқылы олардың мақсаты «Қызыл теңіздегі шиеленісті азайту және  тұрақтылықты қалпына келтіру» деп мәлімдеді.

 

АҚШ пен Ұлыбритания әскерлері жұма күні (22 қаңтар) таңертең  йемендік хуситтер пайдаланған 12-ден астам нысанды нысанаға алды. Бұл әскери нысандарға логистикалық орталықтар, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері және қару-жарақ қоймалары кірді.

CNN "Томагавк" зымырандарының әуе, жер және жер асты платформаларынан атылғанын және бұл шабуылдардың мақсаты хусилердің Қызыл теңіздегі кемелерге үздіксіз шабуылдарын азайту екенін хабарлады. Хабарламада шабуылға ұшыраған нысаналар арасында радар жүйелері, дрондарды сақтау және олардың ұшу алаңдары, баллистикалық және қанатты зымыран қоймалары мен олардың ату орындары бар екені айтылған.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Америка, Австралия, Бахрейн, Канада, Дания, Германия, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея және Англия Ақ үйдің веб-сайтында жарияланған бірлескен мәлімдемеде: "АҚШ пен Англияның бірлескен шабуылдары Нидерландының, Канаданың, Бахрейннің және Австралияның қолдауымен және нақты ұжымдық және жеке қорғаныс құқығына сәйкес және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес Йеменде хуситтер бақылауындағы аймақтардағы нысандарға қарсы жасалды",- деп жариялады. Олар мәлімдемесінің басқа бөлігінде: " Бұл нақты шабуылдардың мақсаты әлемдік саудаға және әлемдегі ең маңызды су жолдарының біріндегі халықаралық теңізшілердің өміріне қауіп төндіретін хусилердің мүмкіндіктерін бұзу және азайту болды",- деп уәжденді.

 

Тегтер