Йемендік Ансаролла: Біз сионистік режимнің кемелеріне шабуыл жасауды тоқтатпаймыз
(last modified Fri, 12 Jan 2024 15:32:57 GMT )
Қаң 12, 2024 21:32 Asia/Almaty
  • Йемендік Ансаролла: Біз сионистік режимнің кемелеріне шабуыл жасауды тоқтатпаймыз

Йеменнің «Ансаролла» ұйымының ақпарат хатшысы АҚШ пен Ұлыбританияның бұл елге қарсы басқыншылығының ешбір ақталуы жоқ екенін және Сана Газаның езілген халқына қолдау көрсету және сионистік режимнің қылмыстарымен күресу үшін осы режимнің кемелеріне шабуыл жасауды тоқтатпайтынын баса айтты.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Рейтер агенттігі Йеменнің Ансаролла  ұйымының баспасөз хатшысы  Мұхаммад Абдул Саламға сілтеме жасап: «Сана сионистік режимнің кемелерін немесе баратын жері басып алынған Палестина жерлері болып табылатын кемелерді нысанаға алуды жалғастырады» деді.

Йеменнің «Ансаролла» келіссөз тобының басшысы қандай жағдайға қарамастан, елдің Газаны қолдаудағы ұстанымының тұрақты екенін және өзгермейтінін баса айтты.

Мұхаммад Абдул Салам АҚШ пен Ұлыбританияның сионистік режимді қолдау және Газаның мазлум халқына қолдау ретіндегі Йемен  әрекеттерін тоқтату мақсатындағы шабуылдары туралы: "Олар осы опасыз шабуылдарымен ақымақтық жасады. Егер Йемен Палестина мен Газаның езілген халқына қолдау көрсетуді тоқтатады деп ойласа, өте қателеседі. Йемен Палестина мен Газа халқына қолдау көрсетудегі діни және гуманитарлық ұстанымдарын жалғастырады",- деп баса айтты.

 

Тегтер