Ирактың батысында ДАИШ- тың барлаушы ұшқышсыз ұшағы құлатылды
Maм 15, 2016 22:43 Asia/Almaty
Ирактың қауіпсіздік күштері әл- Анбар облысының орталығы Рамади қаласының солтүстігінде әл- Бузияб аймағында ДАИШ лаңкестік тобына тиесілі барлаушы ұшқышсыз ұшағының көзін жойды.
Мұнымен қатар Ирактың қауіпсіздік күштері ДАИШ лаңкестік тобының шабуылдарын залалсыздандырып, әл- Анбар облысының Фалудже қаласының Америе аймағында 15 жанкешті лаңкестің көзін жойды. Келесі бір мәліметке сәйкес, Ирактың қауіпсіздік күштері эр- Рамади қаласының батысында эр- Раби аймағын ДАИШ лаңкестік тобының басқыншылығынан азат еткен. ДАИШ лаңкестік тобы осы қимылдар барысында ауыр шығынға ұшырады.
Тегтер