Газа секторындағы "Әл-Құдс шәһидтері" ауруханасының балалар бөлімінің жағдайы мүшкіл
(last modified Sun, 14 Jan 2024 11:10:06 GMT )
Қаң 14, 2024 17:10 Asia/Almaty
  • Газа секторындағы

Газадағы соғыс жүзінші күнге аяқ басты. Сионистік режимнің армиясы Газа секторының түрлі аудандарына шабуылдарын жалғастырып жатыр. Ауруханалардың жағдайы ауыр.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Газа соғысының жүзінші күнінде қаза тапқан палестиналықтардың саны артумен қоса, ауруханалардың жағдайы нашарлап, дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар, отын, азық-түлік пен баспана тамшылығы күшейді.

Отын, дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар жоқ болғандықтан Газаның орталығындағы Дейр-ул-Балх ауданында орналасқан "Әл-Құдс шәһидтері" ауруханасының жағдайы ауырлады. Ол жабылу алдында тұр.

Таралған суреттер бойынша, электр қуатының тапшылығынан "Әл-Құдс шәһидтері" ауруханасының балалар бөлімінде жарық жоқ, сондықтан палестиналық нәрестелердің жанына қауіп төніп тұр.