Газаға қарсы соғыстың жүз күнінде 100 мың палестиналық қаза тапты
(last modified Mon, 15 Jan 2024 17:21:15 GMT )
Қаң 15, 2024 23:21 Asia/Almaty
  • Газаға қарсы соғыстың жүз күнінде 100 мың палестиналық қаза тапты

Еуропа-Жерорта теңізінің адам құқығына қатысты тәуелсіз ұйымы сионистік режимнің Газаға басқыншылығының жүзінші күніне қатысты есебінде: "Израильдің осы аймақтағы геноциді барысында 100 мың палестиналық қаза тапты, жараланды немесе жоғалып кетті",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Еуропа-Жерорта теңізінің адам құқығына қатысты тәуелсіз ұйымы: "Тель-Авив қорқынышты қылмыс жасап, күн сайын орташа есеппен мың палестиналықты құрбан етті. Бұл – жаңа заман соғыстары тарихындағы ең қанды статистика",-деп мәлімдеді.

Бұл ұйым: "Газа соғысы құрбандарының 92 пайызы – бейбіт тұрғындар. Олардың арасында 12345 бейкүнә бала, 6471 әйел, 295 медицина қызметкері, 41 азаматтық қорғаныс қызметкері және 113 тілші қаза тапты",-деді.   

Осы ұйымның мәліметі бойынша, 1 955 000 палестиналық Газа секторындағы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Бұл Газа тұрғындарының 85 пайызын құрайды.   

Еуропа-Жерорта теңізінің адам құқығына қатысты тәуелсіз ұйымы сионистердің қылмыстарына тоқталып: "Сионистік режимнің жерден, теңізден және әуеден шабуылдары мен бомбалауларынан аман қалған палестиналықтар дәрі-дәрмек тапшылығынан қайтыс болу қаупіне ұшырап отыр",-деді.

Палестина үкіметінің Газа секторындағы ақпарат орталығы жексенбі күні: "Соғыс басталғалы бері 7 мың адам сионистік дұшпанның Газаға шабуылдарынан із-түссіз жоғалып, үйінді астында қалды",-деп хабарлады.  

Тегтер