Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Ирактың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісімен телефон арқылы сұхбаттасты
Қаң 18, 2024 22:10 Asia/Almaty
Ислам революциясы жетекшісінің өкілі әрі Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы мен Ирактың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі телефон арқылы сұхбатта екі елдің тамыры терең бауырластық қатынасы туралы сөйлесті.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әлиакбар Ахмадиан мен Қасым әл-Арджи осы телефон арқылы сұхбатта Иран мен Ирактың екі елде де қауіпсіздікті сақтауға талпыну керегін айтты.
Сондай-ақ Әлиакбар Ахмадиан:"Сионистік режим тарапынан кез келген елдің территориясынан Иран үкіметі мен халқына қарсы ұйымдастырылған әрекетке ешбір жағдайда жол берілмейді",-деді.
Тегтер