Хашеми Рафсанджани Ливан Хизболласына көңіл айтты
(last modified Mon, 16 May 2016 08:51:16 GMT )
Maм 16, 2016 14:51 Asia/Almaty
  • Хашеми Рафсанджани Ливан Хизболласына көңіл айтты

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының басшысы Ливан Хизболласының мықты күрескері Мұстафа Бадруддиннің шәһид болуына байланысты көңіл айтты.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігі Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының қоғамдық бөлімінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының басшысы Әли Акбар Хашеми Рафсанджани Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насроллаға жіберген жолдауында Мұстафа Бадруддиннің шәһид болуына көңіл айтып: «Қарсыласу майданының батыл жауынгерлері қарсыласу қозғалысының барлық шәһидтерінің төгілген қандарының кегін алатындығына сенемін. Ливанның территориялық біртұтастығын және қарсыласу қозғалысын қорғау Хизболла мен Ливан халқының стратегиялық мәселесі. Сионистік режимнің қолынан бір сардар мен сарбаздың шәһид болуы бұл ел халқының жиһад жасауға қатысты жігерін арттырады»,- деп қуаттады.

Ливан Хизболласы сенбі күні: «Ливан Хизболласы қолбасшыларының бірі Мұстафа Бадруддиннің шәһид болуына себеп болған жарылыс тәкфіршіл топтардың артиллериясы шабуылының салдары» деп хабарлады. Мұстафа Бадруддин Дамаск әуежайына жақын жерде болған еді.

Тегтер