Сирияның оңтүстік-шығысында АҚШ-тың әскери базасына дронмен шабуыл жасалды
Қаң 28, 2024 17:17 Asia/Almaty
Қарсыласу күштері Сирияның оңтүстік-шығысында орналасқан АҚШ-тың әскери базасына дронмен шабуыл жасады.
"Саберин Ньюс" телеграм каналының хабарлауынша, қарсыласу күштері Сирияның оңтүстік-шығысында орналасқан АҚШ-тың әскери базасын дронмен нысанаға алды.
Бұл шабуылға жауапкершілікті ешбір топ өз мойнына алмады. Өткен жолы Ирак қарсыласу күштері Сирия мен Ирактағы америкалық базаларды нысанаға алған болатын. Шабуылдың ықтималды шығындары туралы ақпарат әлі жарияланбады.
Тегтер