ДАИШ Түркиядағы бір шіркеуге жасалған шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алды
(last modified Mon, 29 Jan 2024 09:53:02 GMT )
Қаң 29, 2024 15:53 Asia/Almaty

ДАИШ лаңкестік тобы өз содырларының суретін жариялап, Стамбұлдағы бір шіркеуге жасалған шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алды.

Түркияның Ішкі істер министрлігі кеше таңертең бетперде таққан екі қарулы адамның Стамбұлдағы Санта Мария шіркеуіне шабуыл жасағанын, соның салдарынан бір адам қаза тауып, кемінде екі адамның жараланғанын хабарлады.  

ДАИШ өзінің екі содырының суретін жариялап, осы шабуылға жауапкершілікті қабылдап: "Бұл әрекет аталмыш лаңкестік топ басшыларының христиандар мен яһудилерге шабуыл жасау туралы талабын орындау мақсатында жүзеге асырылды",-деп мәлімдеді.