Газа секторындағы қазіргі соғыста сионистік армия 66 мың тонна жарылғыш затты пайдаланды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i75530-Газа_секторындағы_қазіргі_соғыста_сионистік_армия_66_мың_тонна_жарылғыш_затты_пайдаланды
Газа секторындағы соғыстың 116 күнінде сионистік армия 66 мың тонна жарылғыш затты пайдаланды. Олар қоршауда қалған аймақ халқының басына түсті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 31, 2024 18:44 Asia/Almaty
  • Газа секторындағы қазіргі соғыста сионистік армия 66 мың тонна жарылғыш затты пайдаланды

Газа секторындағы соғыстың 116 күнінде сионистік армия 66 мың тонна жарылғыш затты пайдаланды. Олар қоршауда қалған аймақ халқының басына түсті.

 

Палестина үкіметінің Газа секторындағы ақпарат кеңсесі сионистік режимнің 2269 қырғыны мен қылмысында 33751 адамның шәһид болғанын және хабарсыз кеткенін хабарлады. Жарақат алғандардың саны 65 мың 636 адамға жетті. Сондай-ақ, шабуылдар нәтижесінде Газадағы 290 мың тұрғын үй зақымданып, өмір сүруге жарамсыз болып қалды. Газа секторының 2 миллион тұрғыны да баспанасыз қалды.