Бригада генералы Жазайери: Сирия содыр елдердің қалауы бойынша әрекет етпеуі керек
https://itolqyn.com/news/west_asia-i757-Бригада_генералы_Жазайери_Сирия_содыр_елдердің_қалауы_бойынша_әрекет_етпеуі_керек
Иран қарулы күштері бас штабы төрағасының орынбасары Сирияның содыр елдердің қалауы бойынша әрекет етпеуі керектігін қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 14, 2016 21:59 Asia/Almaty
  • Бригада генералы Жазайери: Сирия содыр елдердің қалауы бойынша әрекет етпеуі керек

Иран қарулы күштері бас штабы төрағасының орынбасары Сирияның содыр елдердің қалауы бойынша әрекет етпеуі керектігін қуаттады.

Иран қарулы күштері бас штабы төрағасының орынбасары бригада генералы сардар Масуд Жазайери «Alalam» хабар арнасының «Теһраннан» атты бағдарламасында Эр- Рияд және Анкара қайраткерлерінің Сирияға әскери жорыққа шығу туралы мәлімдемелеріне көрсеткен реакциясында: «Иран Ислам Республикасының Сириядағы ахуалдың содыр елдердің қалауы бойынша өрбуіне жол бермейтіндігі және тиісті уақытында тиісті шешім қабылдайтындығы даусыз.

Сауд Арабиясы Сирия майданында қолынан келгенін жасады. Қазір тек Сирияда ғана емес, Йеменде де жеңіліс пен сәтсіздікке ұшырап отыр. Саудиялықтар егер шамасы келгенде осы кезге дейін өз күштерін Сирияға кіргізген болар еді. Сауд Арабиясы мұндай әлеуеттен кенде. Әлбетте, егер Сирия мәселесіне бұдан көбірек кірісетін болса, бүгінгіден көбірек сәтсіздікке ұшырайды» деді.

Бригада генералы сардар Жазайери сондай- ақ кейбір уәждердің, әсіресе батыстықтардың Иран мен Ресейдің Сирия туралы саяси тұрғыларындағы келіспеушілік туралы мәліметтері жөнінде «Иран мен Ресей арасында Сирия туралы саяси мәселелерде де, әскери мәселелерде де толық үйлесімділік бар" деді.