Иран ислам кеңесі мәжілісінің депутаттары сейіт Хасан Насроллаға хат жолдады
(last modified Mon, 16 May 2016 17:19:23 GMT )
Maм 16, 2016 23:19 Asia/Almaty
  • Иран ислам кеңесі мәжілісінің депутаттары сейіт Хасан Насроллаға хат жолдады

Иран ислам кеңесі мәжілісінің депутаттары Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насроллаға жазған хатта қарсыласу майданының қолбасшысы Мұстафа Бадруддиннің шәһид болуына байланысты көңіл айтты.

Иран ислам кеңесі мәжілісі депутаттарының Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насроллаға арнаған хатта былай деп жазылған: "Басқыншы сионистер және тәкфирлік топтармен бір мезгілде күресу үлкен адамдардың өнері болып табылады. Бүгінде Хезболла жарық күн сияқты сіздің жетекшілігіңіздің арқасында әлемнің және қарсыласудың аспанында жарқырап тұр".

Иран ислам кеңесі мәжілісінің депутаттары өзінің шарапатты өмірін сионистер және тәкфирліктермен күресу жолында пида еткен қарсыласу майданының үлкен күрескер қолбасшысы сардар Мұстафа Бадруддиннің шәһид болуына байланысты көңіл айтып, сол топқа кез- келген демеушілік көрсету үшін өзінің әзірлігін жариялады.

Ливан Хезболласының әскери тармағының бас қолбасшысы сейіт Мұстафа Бадруддин тәкфирлік топтардың Сирия астанасы Дамаск әуежайы маңындағы қоныс мекеніне жасалған артиллериялық шабуылынан шәһид болды.

Ливан Хезболласының осы қолбасшысы Хезболла мен қарсыласу қозғалысының іс- қимылдарында ерекше орнға ие еді. Сионистік режимнің қауіпсіздік аппараты жылдар бойы Хезболланың осы аға қолбасшысына қастандық жасауды көздеген болатын.