Нетаньяху: ХАМАС-тың шарттарына көну Израиль үшін апат әкеледі
Сионистік режимнің Премьер-министрі өз сөзінде: "ХАМАС-тың қандай да бір шарттарына көну Израиль үшін апат әкеледі",-деді.
Сионистік режимнің Премьер-министрі: "Бірнеше айдан кейін соғыстың мақсаттарына жетеміз. Жеңістен кері қайту жоқ",-деді.
Нетаньяху: "Блинкенге айттым: Біз жеңіске жақындап қалдық. Бұл жеңіс бәріне ортақ болады. Оның нәтижесі Батыс Азияда көрінеді",-деді.
Сионистік режимнің Премьер-министрі: "ХАМАС-тың шарттарына көну тұтқындардың азат етілуіне көмектеспейді. Бұл мәселені жүзеге асырудың шарты – әскери қысым",-деді.
Басқа жағынан "Аксиос" сайтының хабарлауынша, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен Соғыс министрі Йоав Галлантқа:"Вашингтон Израильдің Рафахта әскери амалдарын кеңейтіп жатқанына алаңдап отыр",-деді.