Ақп 09, 2024 22:20 Asia/Almaty
  • Газа секторында 35 мыңнан астам палестиналық із-түзсіз жоғалды немесе шәһид болды

Палестина үкіметінің Газа секторындағы ақпарат бөлімі Газадағы 400 мың адамның өміріне қауіп төндіретін сионистік режим мен Ақ үйді жауапты деп санайтынын хабарлады.


 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің «Әл-Маядин» телеарнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Палестина үкіметінің Газа секторындағы ақпарат кеңсесі сионистік күштердің Газа секторындағы әскери басқыншылығы басталғаннан бері 35 мыңнан астам палестиналықтардың шәһид болғанын немесе хабарсыз кеткенін хабарлады. Бұл кеңсе Газаның солтүстігінде, әсіресе астық пен азық-түлік аяқталғаннан кейін, құрғақшылық пен аштықтың күшеюі туралы ескертуімізді тағы бір рет қайталаймыз деді.

Палестинаның Газа секторындағы ақпарат кеңсесі сионистік режимнің Газадағы палестиналық бейбіт тұрғындардың бастары мен үйлеріне 66 мың тоннадан астам жарылғыш зат тастағанын хабарлады. Сионистік сарбаздар палестиналықтардың үйлері мен дүкендерінен 130 миллион шекелден астам ақшаны ұрлады.

 

Тегтер