Амирабдуллахиан: Америка аймақта бейбітшілік іздесе, Газамен соғысты тоқтатуы керек
(last modified Sun, 11 Feb 2024 10:33:40 GMT )
Ақп 11, 2024 16:33 Asia/Almaty
  • Амирабдуллахиан: Америка аймақта бейбітшілік іздесе, Газамен соғысты тоқтатуы керек

Иран Сыртқы істер министрі Бейрутте Ливан Сыртқы істер министрімен ортақ баспасөз мәслихатында: «Егер Америка аймақта бейбітшілік іздесе, Газадағы соғысты тоқтатып, сионистік режимге қолдау көрсетуден бас тартуы керек",- деді.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амирабдуллахиан сенбі күні кешке Ливан Сыртқы істер министрі Абдулла Бухабибпен бірге өткізген баспасөз мәслихатында:  "Теһран мен Бейрут соғыс пен соғысты өршітуді Газадағы соғыстың шешімі емес екенін баса айтады.  Сионистік режимнің Газа секторындағы 4 айдан астам уақытқа созылған соғысы бұл режим мен оның жақтастары үшін ештеңеге қол жеткізбегені әлем халқына анық",- деп мәлімдеді.  

Иран Сыртқы істер министрі сөзінің жалғасында Американың қос стандартты саясатын тілге тиек етіп: "АҚШ бір мезгілде екі бағытта қозғалады: бір жағынан, сионистік режимге қару жіберіп, Израиль режимінің Газа секторындағы геноцидіне қатысады, басқа жағынан, Америка саяси шешім туралы айтуда",- деді.

 

Тегтер