Мысыр  Рафахқа жасалған шабуылдың ауыр зардаптары туралы ескертті
(last modified Mon, 12 Feb 2024 11:02:46 GMT )
Ақп 12, 2024 17:02 Asia/Almaty
  • Мысыр  Рафахқа жасалған шабуылдың ауыр зардаптары туралы ескертті

Мысыр Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, басқыншы армияның Газаның оңтүстігіндегі Рафах қаласына жасаған шабуылының ауыр зардаптары туралы ескерту жасап, Израильге халықаралық қысым көрсетуге шақырды.

 

 

Al-Masri Al-Yum веб-сайтының хабарлауынша, бұл мәлімдемеде: «Біз Израиль билігінің израильдік әскерилердің Рафах қаласында әскери операциялар жүргізуге бел байлауына қатысты сөздерін қабылдамаймыз және мұндай әрекеттің, әсіресе Газада гуманитарлық апатқа байланысты ауыр зардаптары туралы ескертеміз»,- деп айтылды.

Каир: "Рафах қаласындағы әскери операция жағдайды одан сайын қиындатады және барлығының мүдделеріне ерекше әсер етеді",- деді. Мысыр Сыртқы істер министрлігі Рафахқа шабуыл жасамай шешім табу үшін барлық халықаралық және аймақтық күш-жігерді біріктіруге шақырды және бұл қалаға жасалған шабуыл мен гуманитарлық көмекке кедергі жасаудың жалғасуы - бұл мәжбүрлі көші-қонға сәйкес әрекет екенін айтты.