Газа секторының оңтүстігінде қарсыласу күштері сионистік режим армиясының позициясын минометпен атқылады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i75846-Газа_секторының_оңтүстігінде_қарсыласу_күштері_сионистік_режим_армиясының_позициясын_минометпен_атқылады
Қарсыласу батальондары сондай-ақ Хан-Юнестің солтүстігінде бірнеше сионист әскериді жақыннан атып өлтірді. Хан-Юнестің батысында қақтығыстар күшейіп жатыр.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 14, 2024 21:42 Asia/Almaty
  • Газа секторының оңтүстігінде қарсыласу күштері сионистік режим армиясының позициясын минометпен атқылады

Қарсыласу батальондары сондай-ақ Хан-Юнестің солтүстігінде бірнеше сионист әскериді жақыннан атып өлтірді. Хан-Юнестің батысында қақтығыстар күшейіп жатыр.

Басқыншылар бүгін Хан-Юнестегі бір ауруханаға шабуыл жасап, жаралылар, медициналық қызметкерлер мен босқындарды аурухананы тастап шығуға мәжбүрледі. Осылайша Газада тағы бір аурухана жабылды. Осы шабуылда 7 палестиналық қаза тапты.  

Сионистік режимнің тікұшақтары Хан-Юнестің шығысында палестиналықтарды нысанаға алды. Қаза тапқандар мен жараланған саны жайлы әлі ақпарат жоқ.

Бүгін таңертең сионистер Газа қаласының шығысы, Рафах, Дейр ул-Балх, әл-Мағази мен Насиратқа әуеден шабуыл жасады.