Сионистік режимнің Насират лагеріне шабуылында 14 палестиналық қаза тапты
(last modified Thu, 15 Feb 2024 14:30:39 GMT )
Ақп 15, 2024 20:30 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің Насират лагеріне шабуылында 14 палестиналық қаза тапты

Газа секторының Насират лагеріндегі бір тұрғын үйдің бомбалануы салдарынан 14 палестиналық қаза тауып, жараланды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі жаңа статистикада: "Сионистік режим өткен тәулікте Газа секторында 11 қылмыс жасады. Соның салдарынан 103 палестиналық қаза тауып, 145 адам жараланды",-деп мәлімдеді.

2023 жылы 7 қазанда Газаға қарсы басталған соғыста осы күнге дейін қаза тапқандар саны 28576 адамға, жараланғандар саны 68291 адамға жетті.

Палестиналық тілші Мұтаз Мұстафа әл-Ғафари сәрсенбі күні сионистік режимнің Газадағы Шейх Резван ауданына шабуылында қаза тапты.

Сионистік армия Газаның солтүстігіндегі Шейх Резван көліне жақын маңды бомбалады. Соның салдарынан бір тілші әйел-баласымен бірге қаза тапты. Осы тілшіні қосқанда Газа соғысында қаза тапқан тілшілер саны 127 адамға жетті.