Йемендік жастар Палестинаны қорғау үшін осы елдің армиясына қосылуға дайын
(last modified Sat, 02 Mar 2024 14:06:46 GMT )
Нау 02, 2024 20:06 Asia/Almaty
  • Йемендік жастар Палестинаны қорғау үшін осы елдің армиясына қосылуға дайын

Йемен армиясының Палестина халқына қолдау мақсатындағы амалдары осы ел жастарының армияға қосылуға өтініштерінің артуына себеп болды.

Йеменнің Ұлттық құтқару үкіметінің мәлімдемеуінше, осы елдің армиясы Палестина халқына қолдау мақсатында Қызыл теңізде операция бастағалы бері әскерге 200 мыңнан аса адам тартып, дайындап шығарды.

Израиль армиясы Газаға шабуылдарын тоқтатпайынша, Йемен армиясы Қызыл теңізде басып алынған жерлерге бағыт алған  кез келген кемеге шабуыл жасауды жалғастыра беретінін жариялады.

Йемен армиясы сондай-ақ: "Аден шығанағы мен Қызыл теңізде басқа кемелер еркін қатынай алады. Олардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген",-деді.

Израиль армиясы 2023 жылы 7 қазанда Батыс елдерінің жан-жақты қолдауымен Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында Палестинаның қорғансыз халқына қарсы ауқымды шабуыл бастап, оларды қырып-жойып жатыр.  

 

Тегтер