Газада тағы екі бала аштан өлді
Сионистік режимнің Газа секторын қоршауға алғанынан туындаған су тапшылығы мен аштық салдарынан екі палестиналық бала қайтыс болды.
Форфорлы газбен тыныстағаннан бері денсаулығы сыр берген Ахмад Сокр есімді палестиналық бала ашаршылық пен су тапшылығы салдарынан кеше қайтыс болды.
Сионистік режим Газаның әл-Дардж ауданында Ахмад Сокр мен оның жанұясы паналаған мектепті фосфорлы бомбамен нысанаға алған болатын.
Al-Jazeera тілшісінің хабарлауынша, қоршауға алынған Газадағы 15 жастағы Марах Талал әз-Айязджи есімді палестиналық қыз жеткілікті тамақтанбау салдарынан қайтыс болды.
Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Газаның солтүстігінде балалар, аяғы ауыр әйелдер мен созылмалы ауруларға шалдыққандардың жағдайы мүшкіл.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Газа секторында аштықтан қаза тапқандардың саны 18 адамға жетті. Олардың көбі – балалар.
Сионистік режимнің 2023 жылы 7 қазаннан бастап Газа секторына қарсы ашқан соғысында (152 күн) қаза тапқандар саны 30717 адамға, жараланғандардың саны 72156 адамға жетті.