Газада тағы екі палестиналық сәби аштан өлді
(last modified Mon, 11 Mar 2024 14:50:57 GMT )
Нау 11, 2024 20:50 Asia/Almaty
  • Газада тағы екі палестиналық сәби аштан өлді

Палестина ақпарат тарату орталығының хабарлауынша, Бейт-Лахиядағы "Камал Адуан" ауруханасында екі сәби қайтыс болды.

Осы уақытқа дейін Газада 27 адам аштан өлді.

Колумбия университетінің ұстазы әрі америкалық ойшыл Джеффри Сакс сионистік режимнің қылмыстарына реакциясында: "Израиль – қылмыскер. Ол әдейі Газа халқын аштан қатырып отыр. АҚШ Израильге қару-жарақ жіберуді доғарған кезде Газаға басқыншылық тоқтатылады",-деді.