Газа секторында шәһид болған балалардың саны соңғы төрт жылда әлемдегі соғыстарда қаза тапқан балалардың санынан асып түсті
Нау 13, 2024 20:11 Asia/Almaty
Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігінің (UNRWA) бас комиссары: "Сионистік режимнің Газа секторына жасаған шабуылында осы уақытқа дейін 12 300 бала шәһид болды. Соңғы төрт жылда дүние жүзінде болған барлық соғыстарда 12 193 бала қаза тапты",- деп жариялады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) те: "Сионистік режимнің Газа секторына жасаған агрессиясында ең көп қаза тапқандар – балалар",- деп мәлімдеді.
Газаның Денсаулық сақтау министрлігі тағы ондаған баланың аштықтан қайтыс болғанын, бірақ олар ауруханада болмағандықтан, олар туралы статистика жоқ екенін хабарлады.