Құран палестиналықтарға тыныштық сыйлап, төзімділігін арттырады
Нау 14, 2024 16:32 Asia/Almaty
Палестиналық тілші Рабии Әбу Ноқайра Instagram-дағы жеке парақшасында пост жазып, Рафахтағы соғыс жағдайына қарамастан балалардың Құран кітабын сақтауға талпынысын мадақтады.
Рабии Әбу Ноқайра: "Басқыншылар мешіттерді бомбалағаннан кейін босқын балалар Рамазан айына орай Рафахтың батысындағы бір күркеде израильдіктердің қоршауындағы Хан-Юнестен келген бір босқын мұғалімнен дәріс алып, Құран кітаптарын сақтауды жалғастырып келеді",-деп жазды.
Айта кету керек, Рамазан айы басталғаннан кейін Палестинада, әсіресе Газа секторындағы соғыс босқындары Құран оқып, осы руханият пен құлшылыққа толы айды қарсы алуға асықты.