Maм 12, 2024 20:42 Asia/Almaty
  • Британ психологы: Израильдіктердің басым бөлігі тәкаппарлыққа шалдыққан

Нетаньяху – ауру қоғамның символы. Израильдіктердің басым бөлігі соғыстың жалғасуын қалайды және Газадағы қырғын мен соғыс қылмыстарын ақталған әрекет деп санайды.

Төмендегі мәтін доктор Эмад Мұсаның жазбаларынан таңдап алынды:

Әрбір қоғамның көшбасшылары өз қоғамының сенім жүйесінің, әлеуметтік болмысының, этикасының және эмоционалдық бағдарларының жемісі болып табылады. Әлеуметтік жағынан ынталандырылмайынша, мақұлданбайынша немесе кем дегенде шыдамдылық танытылмайынша, олар ештеңе істемейді.

Израильдіктердің басым бөлігі Нетаньяхуға ашулы. 7 қазанда қауіпсіздіктің әлсіз болғаны, ХАМАС-пен келісімге келе алмағаны және "Израильдік демократия" деп аталатын жүйенің әлсірегені үшін Нетаньяхуды кінәлі санайды. Алайда израильдіктердің көбі Нетаньяхудың палестиналықтарға қарсы саясаттарын қолдайды.

Сондай-ақ израильдіктердің басым көпшілігі соғыстың жалғасуын қалайды және Газадағы бұрын-соңғы болмаған қырғын мен соғыс қылмыстарын ақталған әрекет деп санайды.

Израильдің әлеуметтік желілері нәсілшілдік пен геноцидке қатысты ұрандарға, бейбіт палестиналықтардың, соның ішінде  мыңдаған баланың қаза тапқанын тойлап жатқаны түсірілген  фильмдерге толы.

Руандадағы геноцид жайлы ақпарат таратқан Крис Макнилдың айтуынша, хутулардың тутсилерді қырып-жою үшін қолданған сөзі бүгінде израильдіктердің аузынан шығып жатыр. Израильдіктердің көбі Палестина мемлекетінің құрылуына түбегейлі қарсы.  

Израильдіктердің қатыгез шындығы

Бұл салада израильдіктерге қатысты үш факторды атап көрсетуге болады: Олар өздерін құрбан санайды, өздерін басқалардан жоғары санайды, өздері құрбан етіп отырғандарды, яғни палестиналықтарды адам емес деп санау.

Тарих көрсеткендей, сионизм еврейлерді ғасырлар бойғы құрбандық болу сипатынан босату тұжырымдамасына негізделген. Израильдің құрылуы құрбандардың қайта тірілуі ретінде қарастырылды.

Израильдіктер қазіргі тарихта өздерін құрбанбыз деп санайтын жалғыз басқыншылар болса керек. Бұл уәж оларға палестиналықтардан жиренуге мүмкіндік береді.

Осы оғаш ойлауды күшейту үшін олар өздерінің таңдаулы халық екенін үнемі еске салады.

2023 жылы жүргізілген бір сауалнамада Израильдің еврей көпшілігі "Еврейлер қасиетті кітапта сипатталғандай таңлаулы ұлт екеніне сенесіздер ме?" деген сұраққа "Иә" деп жауап берген.

2016 жылы олардың 61 пайызы Израиль жерінің оларға Құдай тарапынан сыйланғанына сенетіндерін айтқан.

Басқа жағынан олар палестиналықтарды қырып-жоюды ақтау үшін оларды "адам емес" деп атайды. Сонда ешкім "Бұл адамдарды неге осылай қинап жатырсыңдар, уа, Құдайдың таңдаған халқы?!" деп айтпайды.

Израиль еврейлерінің көзқарасынша, палестиналықтарда ешқандай адами құқық жоқ.

Бұл мынаны білдіреді: палестиналықтарда ешқандай адами құқық жоқ. Израиль оларды "адам тектес жануарлар" ретінде қырып тастап, олардың жерлерін тартып ала алады.

Сондықтан осы үш фактор Израиль қоғамын тәкаппарлыққа ұшыратты. Олар осындай ойға сүйеніп, палестиналықтар қырып-жоюға рұқсат берді.

Психология тұрғысынан тым тәкаппарлыққа ұрынған қоғам ақлақ тұрғысынан өзін артық санайды, ақлақтық ережелерге назар аудармастан, өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін не керек соның бәрін жасауға құқылы деп есептейді.

Сондықтан Беньямин Нетаньяху мен оның оң фракциясы Газада 14000 баланы өлтіруге мен жүздеген мың үйді қиратуға бұйрық берді.

Нетаньяху Израильдіктердің басым бөлігінің қолдауына ие болып отырғанын ұмытпауымыз керек.

Нетаньяху – өзі ауру болмаса да, ауру қоғамның символы.  

Тегтер