Қылмыскерлер үйіндегі дағдарыс; сионистік режимнің соңғы ішкі дағдарыстарына шолу
(last modified Mon, 08 Jul 2024 16:16:00 GMT )
Шіл 08, 2024 22:16 Asia/Almaty
  • Қылмыскерлер үйіндегі дағдарыс;  сионистік режимнің соңғы ішкі дағдарыстарына шолу

Сионистік ақпарат құралдары Израильдің Газа секторының батпақтарында қалып қойғанын мойындады. Израиль оппозициялық фракциясының басшысы Яир Лапид ақыры сионистік армияның ұзақ мерзімді  соғыстардағы сәтсіздіктерін мойындады.

Сионистік армияның шығынының артуы, сионистік қоныстанушылардың Израиль министрлер үйі алдында наразылық жиынын өткізуі, Израильдің әскери күшке қатысты қиын жағдайы Израильдің ішкі мәселелерінің бірқатары.

Pars Today оларға шолуын ұсынады:

Сионистік шерушілер Тель-Авивтің ең маңызды көшесін жауып тастады

Haaretz газеті Израиль шерушілерінің Тель-Авив көшелеріне жиналып, осы қаланың солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыратын Аялон көшесін жауып тастағанын хабарлады. Сионистік шерушілер осы режимнің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға қарсы ұрандар айтты. Соңғы күндері Израиль премьер-министрі Нетаньяхудың саясатына қарсы наразылықтардың жаңа толқыны басып алынған жерлерге тарады.

 

Нетаньяхудың сот процесін ұзақ уақытқа кейінге қалдыру туралы өтініші қабылданбады

Сионистік «The Times of Israel» газеті Израильдің бас прокурорының Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху адвокатының сот процесін келесі жылдың наурыз айына қалдыру туралы өтінішін қабылдамағанын жазды. Израильдің бас прокуроры Нетаньяху өзінің келесі сот ісі үшін осы қараша айында сотқа келуі керек деп мәлімдеді. Сионистік режимнің премьер-министрі сыбайлас жемқорлық істеріне байланысты осы режимнің сот жүйесінің қатаң қысымына ұшырауда. Көптеген сарапшылар Газадағы атысты тоқтатуға келіспеу себебін соттан құтылу деп бағалады.

 

Израиль армиясының сионистерді өлтіруінің жаңа құжаттары

Haaretz газеті «Әл-Ақса дауылы» операциясы кезінде жүздеген сионистің Израиль армиясының қолынан қаза тапқанын көрсететін жаңа құжаттарды жариялады. Қолда бар құжаттарға сәйкес, Израиль армиясы Ганнибал хаттамасын бұза отырып, ішкі күштерді нысанаға алып, сионистік тұтқындарды өлтірді. Жақында БҰҰ-ның тергеу комитеті өз есебінде 2023 жылдың 7 қазанында 14 сионистік сарбаздың Израиль армиясының қолынан қаза тапқанын анықтады.

 

Лапид: Біз ұзақ соғысқа жаратылмадық

Израиль армиясы радиосының хабарлауынша, Израиль оппозициялық фракциясының басшысы Яир Лапид Израиль армиясының ұзақ мерзімді соғыстарға жарамайтынын мойындап, былай деді: "Израиль әрқашан ұзаққа созылған соғыстарға қарсы болды, өйткені біздің әскеріміз осы соғыс түрлеріне сай келмейтін резервшілерге сүйенеді. Біз соғысты тоқтатып, Палестина қарсыласуымен келісімге келіп, Газа секторынан сионистік тұтқындарды қайтаруымыз керек".

 

Әскери күші жағынан Израильдің қиын жағдайы

«Кан» сионистік ақпарат құралдары: "Израиль кабинеті қауіпсіздік және әскери орталықтардың запастағы сарбаздардың қызметін және армиядағы міндетті қызметті үш жылға ұзарту туралы ұсынысын талқылап, министрлер бұл туралы түсініктеме береді",- деп жариялады.

 

Израиль министрлерінің үйі алдында сионистік қоныстанушылардың шеруі

Израиль теледидарының 12 арнасының хабарлауы бойынша, сионистік қоныстанушылар осы режимнің 18 министрі мен Кнессет (парламент) мүшелерінің үйлері алдында шеру өткізді. Шерушілер премьер-министр Биньямин Нетаньяху кабинетін құлатып, тұтқындарды айырбастау үшін Палестина қарсыласуымен атысты тоқтату туралы келісімге қол қойғысы келеді.

 

Стратегиялық жабдықтарының сапа мәселесі

Сионистік ақпарат құралдары Израильдің Газа секторының батпағында қалып қойғанын және «Темір күмбез» қорғаныс жүйесі басып алынған Палестинаның солтүстігі мен Ливанның оңтүстігіндегі соғыс майданында Ливан Хизболласының зымырандарына тойтарыс бере алмағанын мойындады. Айта кетейік, «Темір күмбез» қорғаныс жүйесі әл-Джалил аймағының аспанындағы бірқатар Хизболла зымырандары мен ұшқышсыз ұшақтарын ұстай алмады және олардың соққылары нәтижесінде бірнеше сионис жараланды.